Алматы облысында әскерде әлімжеттік көрсеткен офицер сотталды

03.04.2026 17:12 Әсел Мұрат
Алматы облысында әскерде әлімжеттік көрсеткен офицер сотталды
244
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматы гарнизонының әскери соты сарбазға әлімжеттік жасаған офицерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, аға лейтенант өзіне бағынатын адамға күш қолданып, демалыс уақытында жұмысқа заңсыз тартқан. Осылайша, өз өкілеттігін асыра пайдаланған.

Сотта прокурор офицерді 3 жылға бостандығын шектеуді сұрады. Ал сотталушының өзі кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге материалдық  және моральдық зиянды өтеуге дайын екенін айтты. Адвокат 1 жыл 6 айға ғана бас бостандығын шектеуді өтінді.

Бірақ жәбірленуші офицерді заң  барынша қатаң жазалауды және моральдық әрі материалдық шығынды талап етті.

Офицер кінәсін мойындаса да, әскери антты бұзып отыр. Бұл жазаны ауырлататын мән-жай болып саналады. Осыған байланысты судья оған 2 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, «аға лейтенант» әскери шенінен алып қоюға шешім шығарды. Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын да өндіріледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий