Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті
Фото: Pixabay

Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қайғылы оқиға 6 тамыз күні сағат 19:52-де болған. Қарабұлак пен Тентек станциялары арасындағы учаскіде пойыз рельсіне кенеттен шығып кеткен адамды қағып кеткен.

«ҚТЖ» мәліметінше, машинист адамды байқап, тежегішті шұғыл қолданған. Арақашықтық тым жақын болғандықтан адам аман қалмаған.

«Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін», — дейді хабарламада.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу