Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін
16.09.2025 20:58
0
95
Фото: ТЖМ

Алатау қаласының әкімдігі жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды POLITCO.KZ.

Құжат қала әкімінің аппараты әзірлеген. Жобаны дайындауға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт себеп болған. Құжат қабылданған жағдайда ресми түрде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілмек.

Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай «Азаматтық қорғау туралы» заңға және Төтенше жағдайлардың сыныптамасына сәйкес енгізіледі. Түсіндірме жазбада шешім қабылдаудың мақсаты – халықты дер кезінде хабардар ету және қажетті шараларды ұйымдастыру екені көрсетілген.

Жобаны қоғамдық талқылау 2025 жылғы 17 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» порталында жалғасады.

Айта кетейік, Алматы маңында, Әли ауылының жанындағы қоқыс полигоны бір тәуліктен астам уақыт бойы жанып жатыр. Өртті сөндіруге 150 адам және 70-тен астам техника жұмылдырылған. Тілсіз жаудың ошақтары жердің он метр тереңдігіне дейін жетіп, жерасты тлігін тудыруда. Өрт салдарынан түтін байқалып отыр. Полигонды пайдаланушы кәсіпорын бұған дейін экологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін екі рет айыппұлға тартылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий