Алматыда 20 жастағы қыз жігітімен жанжалдасқаннан кейін 10-қабаттан құлап кетті
838
ЖАЛҒАСЫ
-
Алматыда жігітімен ұрысып, 10-қабаттан секірген қыз есін жиды
14.07.2026, 08:40
Алматы қаласының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы қыз 10-қабаттағы балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Ulysmedia-ға сілтемемен.
Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен құлау кезінде бірінші қабаттағы металл шатырға соғылып, кейін жерге түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны дереу ауруханаға жеткізген.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы ауыр. Мамандар оның өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.
Полицияның алдын ала анықтауынша, қайғылы жағдайдың алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында жанжал болған. Алайда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
14:26
Абай облысында үш басқармаға жаңа басшы тағайын...
12.10.2026
14:03
«Яндекс» қашан жұмыс істейді? Министр жауап берді
12.10.2026
12:46
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жары...
12.10.2026
12:38
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» де...
12.10.2026
12:09
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам ...
12.10.2026
11:47
Қазақстан мыс кенін көп өндіреді, бірақ өңдеуге...