Таяу Шығыстағы жағдай ушықты: Air Astana шұғыл мәлімдеме жасады
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша бірқатар рейске өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Компанияның мәліметінше, 12 шілде күні Астанадан сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі кері қайтарылып, елорда әуежайына оралады.
Сондай-ақ, 12 шілдеде сағат 08:50-де ұшуы тиіс KC897 Алматы – Дубай рейсі толықтай тоқтатылды.
Әуе компаниясы жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері арқылы қайтарылатынын хабарлады. Сонымен қатар, рейстер кестесіне қатысты алдағы өзгерістер туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды.
Air Astana жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды сұрады. Себебі ұшу және қону уақыттарына қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Компания қазіргі жағдайды жіті бақылап отырғанын және шетелде қалған жолаушыларды елге қайтару мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін де Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға рейстерді уақытша тоқтатып, кейін қайта қалпына келтірген болатын.
Соңғы жаңалықтар