Алматыда 29 жастағы жігіт попкорнға қақалып көз жұмды
17 мамыр күні Алматыдағы «Forum» сауда-ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда 29 жастағы ер адам кино сеансы кезінде попкорн жеп отырып, көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұм сол күні бұрынғы сыныптас қызымен бірге «Forum» ауда-ойын-сауық орталығына кино көруге барған. Сеанс басталар алдында ол попкорн сатып алып, кейін соған қақалып қалған.
Туыстарының айтуынша, әуелі ол дәретханаға барып құсқан. Осыдан кейін жағдайы жеңілдегенін айтып, қасындағы серігімен бірге кинозалға кірген. Алайда біраз уақыттан соң тамағы ашып, өзін жайсыз сезіне бастаған.
Кейінірек ол «жүрегім қысылып тұр» деп шағымданып, сырт киімін танысына бергеннен кейін есінен танып қалған. Оқиға орнында болған адамдар жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, жігітті аман алып қалу мүмкін болмады.
Марқұмның туыстарының пікірінше, егер жанында тұншығу кезінде дұрыс алғашқы көмек көрсете алатын адам болғанда, қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның ықтимал себептері де талқыланып жатыр. Кейбір қолданушылар жігітте анафилактикалық шок алған боллуы мүмкін деген болжам айтуда.
Соңғы жаңалықтар