«Опасыздықты ұмытпайсың»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі

«Опасыздықты ұмытпайсың»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі
Фото: коллаж politico.kz

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев экс-жұбайының жаңа тұрмысы мен тойына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол НТК арнасындағы «Не дейді?» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Politico.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеп.

Актер өткен күннен қалған ренішін жасырмай, басынан өткен жағдайды ашық жеткізді.

«Адамзат 3 нәрсені ұмытпайды дейді ғой. Мен өзіме тиесіліні айтайын. «Подлость» жасаған адамды ұмытпайды екенсің, әсіресе ер азамат. Мен оны қатты жақсы көргенімнен емес, тек маған иттік жасағанына қатты налыдым. Ал былай Аллаға аманаттап тастағанмын, дұғамды тіледім. Қайта қуанып жатырмын, сол ғана», – деді актер.

Сонымен қатар Дархан Мұсаев желіде өзіне жағымсыз пікірлерді негізінен әйелдер емес, ер адамдар жазатынын айтып, осыған қынжылды.

«Көбінесе негативті жазатын ер азаматтар екен, соған жүрегім ауырды. Болмайтын нәрсе, «бүйтіп қалдың ба, сүйтіп қалдың ба» деп болмайтын нәрсені ер азаматтар жазады екен. Ер азаматтарымыз сондайды қойса екен, әйелдер қауымы аз жазады. Жоқтың қасы десе де болады. Әйелдер бір-бірімен таласып отырады», – деді Дархан Мұсаев.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу