Алматыда 45 мың орындық алып стадион қашан салынып бітетіні белгілі болды

04.08.2026 20:04 Қанат Айбар
Алматыда 45 мың орындық алып стадион қашан салынып бітетіні белгілі болды
72
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда УЕФА-ның ең жоғары талаптарына сай келетін 45 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионы 2028 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Құлжа және Талғар тасжолдарының бойындағы 32 гектар аумақта бой көтеретін бұл нысанның құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүріп жатыр. Жоба аясында негізгі аренадан бөлек жаттығу алаңы, спортшылар мен командаларға арналған бөлмелер және жанкүйерлер аймағы қарастырылып, іргелес аумақты кешенді көріктендіру жұмыстары қолға алынған.

Төртінші санаттағы бұл кешен халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрермендер мен қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін нысанға баратын жол инфрақұрылымы да қатар дамытылып, стадионға көлікпен келіп-кетуді барынша жеңілдету жоспарланған.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, заманауи аренаның құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр және 2028 жылдың көктемінде толық аяқталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий