Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, мүлкін тартып алмақ болғандар ұсталды
1424
Алматыда зейнеткерді тұтқындап, мүлкін иемденбек болған үш адам ұсталды
Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенген күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Полиция мәліметінше, Турксіб ауданында жалғыз тұратын қарияның жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына оның танысы хабарлаған. Іздестіру барысында зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің біріндегі тұрғын үйден табылды.
Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның әлсіз жағдайын пайдаланғаны анықталған. Олар қарияны еркінен тыс ұстап, психологиялық қысым көрсету арқылы мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде екі ер адам мен бір әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...