Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқиғаға байланысты полиция пікір білдірді

15.09.2026 22:22 Қанат АЙБАР
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқиғаға байланысты полиция пікір білдірді
194

Алматы полициясы қаладағы мейрамханалардың бірінде аудандық прокуратура қызметкерінің ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, оқиға 5 қыркүйекте болған. Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасының аға прокуроры мас күйінде мейрамханада қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны, соның салдарынан ұсталғаны хабарланды.

— Аталған факті бойынша «102» пультіне қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде жанжал шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиғаға қатысушылар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады, — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Войдите, чтобы оставить комментарий