Алматыда танымал қазақстандық әншінің жалғыз ұлы жоғалып кетті
2671
Алматыда 1989 жылы туған Баир Сиқымбаев есімді адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналист Жазира Бегалының мәліметінше, ол – танымал әнші марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Айта кетейік, Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді.
«Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Дауысы ерекше, көрікті, талантты, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрады. Әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Көзінің қарашығындай Баиры үйіне аман-есен оралсыншы деп тілеймін.», - деп жазды Жазира Бегалы.

Еріктілер таратқан мәліметке сенсек, Баир Сиқымбаев 1989 жылы 29 наурызда туған. Бойы 185 см, арық, көзі мен шашы қара. Ол 24 наурыз күні үйінен белгісіз бағытқа бет алып, одан қайтып оралмаған.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...
12.09.2026
12:21
Петропавл маңында құрылыс кезінде екі адамның ж...
12.09.2026
11:16
«Миллион пәтер тегін беріледі»: Желіде тараған ...
12.09.2026
10:12
«Кедей қазақтар» деген сөзі үшін: Алматыда ресе...