28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп жазады Politico.kz Ақордаға сілтемемен.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қатысады. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер шақырылған.
Айта кетейік, 28-30 қазан аралығында мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен сол елге ресми сапармен бармақ.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан халқына Жолдауын 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады