Алматыда түнде бомбадан тасалану орнын бұзбақ болған екі жігіт ұсталды
Алматыда Абай мен Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан бомбадан тасалану орнының құлпын бұзбақ болған екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Түн ортасында объектіге баса-көктеп кіруге әрекеттенген тұлғаларды кәсіпорын басшылығы байқап қалып, дереу полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары күдіктілерді құрықтап, олардың жанынан құлыпты ашуға арналған арнайы құрал-саймандар тапты.
Полиция бөлімшесінде ұсталғандар өздерінің бұл әрекетін ғимарат ішінде не барын жай ғана көргісі келген қызығушылықпен түсіндірген. Қазіргі уақытта екі азамат та Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оларға қатысты оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...