Алматыда жас блогер жігіті үшін өз-өзіне қол жұмсады
Айлуна Рахым есімді блогер өз өліміне жігітін айыптап, хат қалдырған, деп хабарлайды politico.kz.
Бұл туралы НеМолчи.kz қоры әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жариялады. 27 жастағы блогердің құрбылары қорға жүгінген. Айлунаның денесі 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де табылды. Ол SMM маманы болып жұмыс істеген. Өмірден өтер алдында жігітінен зәбір көргенін айтып жазба қалдырған. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, - дейді құрбылары. 17 сәуірдегі соңғы жазбасында Айлуна өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын тұспалдап, дененің көгерген жерлері мен күйіп қалған жерлері түсірілген видео мен фотоны көрсеткен. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды