Алматыда жедел жәрдем көлігі 2009 жылы туған баланы қағып кетті
Алматы қаласының Әуезов ауданында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады POLITICO.KZ.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қазан күні сағат 17:20 шамасында болған.
«Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта, қарсы қозғалыс жолағымен келе жатып, Береговой көшесінің қиылысында жолды оңтүстік бағытта кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жарақат алған 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілген.
Қазір оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...