Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің 16 қабатты корпусында өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Politico.kz.
25 тамыз күні сағат 21.56-да құтқару қызметіне көпқабатты үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, тоғызыншы қабаттағы пәтерлердің бірінде диван мен үй мүлкі өртеніп, жалын аумағы 4 шаршы метрді құраған, сондай-ақ қою түтін баспалдақ аралықтарын жылдам алып кеткен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер арнайы автосатыны жайып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 22.28-де оқшауланып, сағат 22.36-да толығымен сөндірілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...