Алматыдағы мектептерге қарулы шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады

19.01.2026 10:49 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Алматыдағы мектептерге қарулы шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарады
0
201
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Алматыдағы бірнеше оқу орындарына террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желіде тараған хабарламада шабуылдың 20 қаңтар күні 8 мектепте болатыны айтылған.

«Жақын арада… 2026 жылы 20 қаңтар күні Алматы қаласы мәңгілікке есте қалады. Мектептерде жаппай атыс ұйымдастырғымыз келеді. Мүмкіндігінше көбірек адамды өлтіруге тырысамын. Біз баратын мектептер: №6, №18, №157, №144, №134, №166, №156, №135. Осы мектептерде жаппай террористік акт болады», – деп жазылған хабарламада.

Аталған жағдайға полиция түсініктеме берді. Полиция ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Қазір қаладағы білім беру мекемелеріндегі жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді. Қазір ақпаратты таратқан тұлға іздестіріліп жатыр екен.

Сондай-ақ жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталған. 

«Фейк хабарламаның авторы мен бастапқы көзі анықталып жатыр. Оны таратқан тұлғалар Қазақстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпарат тарату ауыр құқықбұзушылық саналады және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген полиция хабарламасында.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий