Алматыдағы жалдамалы пәтерден ер адамның мәйіті табылды
859
Алматыда танысын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Оқиға Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан уақытша жалға берілетін баспанада болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 32 жастағы ер адамның денесін тапқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм мен күдікті оқиға алдында бірге ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, соның салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, марқұмның таныстарын анықтау арқылы күдіктінің жеке басын қысқа мерзімде анықтады. Ол мәйіт табылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде қолға түскен.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтауда.
Соңғы жаңалықтар
01.08.2026
17:22
КҚК жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік ресми жа...
01.08.2026
16:44
«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
01.08.2026
15:54
Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: ...
01.08.2026
15:14
«Мен құқық қорғау органында жұмыс істеймін»: Се...
01.08.2026
14:16
Мешітте мектеп оқушысын аяусыз ұрып соққан ақтө...
01.08.2026
13:00
Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесі...