Алматылық курьер подъезде тұрған балалар арбасына дәрет сындырып кеткен

09.04.2026 13:25 Әсел Мұрат
Алматылық курьер подъезде тұрған балалар арбасына дәрет сындырып кеткен
308
Фото: видеодан скрин

Алматыда курьер балалар арбасына дәрет сындырып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, курьер тапсырысты орындау кезінде подъезд дәлізінде тұрған балалар арбасына әдейі дәрет сындырып кеткен.

Баласының арбасы бүлінген әйелдің айтуынша, оқиға демалыс күні кешке болған. Әуеліде ол арбаның дымқыл болып тұрғанын көріп, «балалар су төгіп алған шығар» деп ойлаған. 

Бірақ жағымсыз иіс пен сарғыш дақтан күдіктенген әйел бақылау камераларын тексерткен.

Бейнежазбадан көрші пәтерге тапсырыс әкелген курьердің арбаға әдейі дәрет сындырғаны көрінген.

Әзірге Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне оқиғаға пікір білдірмеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий