«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева танымал актермен желіні шулатты

«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева танымал актермен желіні шулатты
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мен белгілі актер Бақтияр Қожа бірге көзге түсіп, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz  sn.kz ақпарат порталына сілтеп 

Қос өнер иесі сән үйлерінің біріне арнайы түсірілім жасап, ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жарнамаға түскен. Жарияланған жаңа фотосуреттер бірден көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Оқырмандар суреттер астына түрлі пікір жазып, олардың бір-біріне ерекше жарасатынын жарыса айтуда:

«Екеуі жарасып тұр», «Екі жарты бір бүтін», «Меруертке осындай еркек керек», «Жарасымды жұп шығады екен» деген секілді жылы лебіздермен қатар, «Меруерт майысып қалыпты», «Отбасы бар емес пе?» деп таңданыс білдіргендер де болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу