Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толғанын ерекше атап өтті
Танымал әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толғанын атап өтті. Мерейтойға ет жақындарынан бөлек, өнердегі шәкірттері, Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алтынбек Қоразбаев туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойлаған. Туған күн кешінде түсірілген видеоларды тойда болған өнер жұлдыздары мен олардың жұбайлары Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті.
"Көке 77 жасыңыз құтты болсын! Амандықтарыңызды тілейміз!", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев желідегі парақшасында тойдан фото жариялап.
Тойда композитор шәкірттері – Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Сәкен Майғазиев Алтынбек Қоразбаевты ортаға алып биледі. Сондай-ақ бұл кеште той қонақтары композитордың әндерін де орындады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...