Әнші Роза Әлқожа қыз ұзату тойындағы әрекеті үшін сынға қалды
Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ілікті. Себебі қыз ұзату тойында ұзатылып жатқан қызға арналған ақ матамен әншінің өзі жүріп өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Тойдан тараған бейнежазбада ұзатылған қызға төсеген ақ жолды әншінің иеленіп алғаны байқалады. Бұл жайт желідегі жұрттың наразылығын тудырды.
"Ақ мата кім үшін төселген?", "Ақ матаны әнші емес, қалыңдық басуы керек қой", "Роза апамыз өзі тұрмысқа шығып жатқандай", – деген пікірлер қарша борады. Кейбір қолданушылар "қалыңдық шетте қалып қойғанын", "әншінің орынсыз әрекеті тойдың сәнін бұзғанын" айтып сынға алды.
Осындай даулы сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылық арасында әртүрлі пікір туғызды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды