Ақбаян ата-анасы мен бауырларының қайтыс болғанын әлі білмейді: оның қазіргі жағдайы белгілі болды

07.09.2026 17:15 Әсел МҰРАТ
Ақбаян ата-анасы мен бауырларының қайтыс болғанын әлі білмейді: оның қазіргі жағдайы белгілі болды
563
Фото: ашық дереккөз

Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ем алып жатқан Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайына қатысты жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Ақбаянның үйіне шығарылғанын журналист бұған дейін оның туыстарынан білген. Алайда отбасы мүшелері бұл жаңалықты әзірге жария етпеуді сұраған.

Журналист соңғы уақытта Ақбаянның жағдайын жақындарынан сұрап, оларға хабарласып отырғанын айтты. Кейін бұл ақпараттың түрлі сайттарда тарағанын көрген.

Жанат Молдашованың жазуынша, Ақбаян балаларын сағынғанын айтып, олар туралы жиі сұраған. Осыған байланысты бауырлары оны балаларымен кездестіруге алып барған.

Кездесу кезінде Ақбаян балаларын таныған. Дегенмен оның денсаулығы әлі толық қалпына келген жоқ. Сондықтан емін жалғастыруы қажет. Журналист оның нақты диагнозы әзірге белгісіз екенін атап өтті.

Егер Ақбаянның денсаулығы жақсарып, жағдайы тұрақталса, балаларын қайтадан өз тәрбиесіне алу мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.

Алайда бұл мәселені туыстары немесе басқа адамдар өз бетінше шеше алмайды. Балаларды анасының қамқорлығына беру туралы шешімді білім бөлімі жанындағы арнайы комиссия қабылдайды.

Журналистің айтуынша, Ақбаянға отбасы мүшелерінің қаза болғаны әлі хабарланбаған. Яғни ол ата-анасы мен бауырларының өмірден өткенін әзірге білмейді.

«Туыстары Ақбаянға ата-анасы мен бауырларының жоқтығын әлі айтпаған. Ең ауыры – осы. «Халықтан қандай қолдау керек, айтыңыздар. Мен елге жеткізейін» дедім», – деп жазды Жанат Молдашова.

Войдите, чтобы оставить комментарий