Ақмола облысында кене шаққаннан кейін жасөспірім жансақтау бөліміне түсті
601
Ақмола облысында кене шаққаннан кейін 17 жастағы студент ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің қазіргі жағдайы ауыр.
«17 жастағы науқасқа кене вирустық энцефалиті диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, сана деңгейі бұзылған деп бағалануда», - деп хабарлады Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін барынша күресуде, дейді басқармадағылар.
Желіде тараған ақпарат бой ынша, жасөспірімді кене 16 мамыр күні шаққан. Алайда оның отбасы ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбеген. Соның салдарынан ауру асқынып, науқас балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
Мамандар тұрғындарды табиғат аясында сақтық шараларын қатаң сақтауға және кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...
11.09.2026
19:13
Астанада қайтыс болған адамның ағзалары үш науқ...
11.09.2026
18:13
“Ақ туфлимен мектепке бару мұң болды”: Құлсарыд...
11.09.2026
18:08
Тоқаевтың 2005 жылғы сұхбаты жарияланды, ол төң...
11.09.2026
17:35
Жүкті келіншекті өлтіріп, 17 жыл бойы жасырынып...