Ақмола облысында жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылды
Ақмола облысында екі күн бойы іздестірілген 76 жастағы зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Зейнеткер Владимир Громов 18 сәуірде өзі тұрған қарттар мен мүгедектерге арналған пансионаттан белгісіз жаққа шығып кеткен.
Ол соңғы рет жеңіл киіммен Қызыл Яр ауылы бағытында кетіп бара жатқан жерінен бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері, еріктілер және өңір тұрғындары жоғалған ер адамды екі күн бойы іздеді. Оның мәйіті 20 сәуір күні кешке қарай табылды.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр» – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады