АҚШ 8 мамырды «Жеңіс күні» деп жариялады

Дональд Трамп АҚШ екінші дүниежүзілік соғысқа басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда үлкен үлес қосқанын айтып, 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Президент АҚШ соғысқа басқа елдерден көбірек күш салғанын, тіпті салыстыруға келмейтінін жазды.
«8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын. Ал 11 қараша — Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні болады», – деп жазды Трамп.
Трамп өз жазбасында АҚШ-тың ерлігі мен әскери шеберлігіне тең келетін мемлекет жоқ екенін баса айтып кетті.
«Біз екі соғыста да жеңдік. Біздің күшімізге, ерлігімізге және әскери шеберлігімізге ешкім тең келе алмады. Бірақ қазір біз ештеңе тойламаймыз. Өйткені бізде енді ондай көшбасшылар жоқ. Уақыты келді — жеңістерімізді қайта тойлайтын кез жетті!» – деп қосты Трамп.
Соңғы жаңалықтар





