АҚШ-та терроризмге күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды
АҚШ-тың көші-қон және кедендік полициясы (ICE) Еламан Балтагерей есімді Қазақстан азаматын қамауға алғаны туралы мәлімдеді. Ол лаңкестік әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен арнайы құрықталған, деп хабарлайды Politico.kz.
Америкалық ведомствоның ресми мәліметіне сүйенсек бұл ұстау шарасы алдын ала жоспарланған.
"Көші-қон және кедендік полиция 5 маусым күні федералды серіктестеріміздің көмегімен мақсатты операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстады. Өткен жазда көші-қон соты оны елден шығару туралы бұйрық берген, алайда ол сот отырысына келмей қойды. Еламан Балтагерей белгілі немесе күдікті террорист ретінде назарға алынды және оны депортациялау туралы нақты бұйрық бар. Оны елден шығаруға қатысты жол жүру құжаттары рәсімделіп жатқан уақытта ол біздің мекеменің қамауында болады", – деп хабарлады мекеме.
Сондай-ақ АҚШ билігі ел ішіндегі заңсыз мигранттарға қатысты бақылаудың күшейгенін ашық жеткізіп отыр.
Еске сала кетейік, осы оқиғаға дейін АҚШ-та жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі табылғаны туралы ақпарат расталған болатын.
Соңғы жаңалықтар