Ақтөбе облысында әкім ұсталды
Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот 2 айға санкция берді. Өзге ақпарат берілмейді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Хромтау ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, 40 жастағы Сағындық Шабықбаев осыдан екі жыл бұрын қала әкімі қызметіне кірісті. Оған дейін әкімнің орынбасары болған.
Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады. 2016 жылы әкімшілікте қызмет етті. 2017 жылдан бастап Хромтау ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеп, 2018-2023 жылдары аралығында қала әкімінің орынбасары болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...