Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам көз жұмды
Жол апаты 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында Белқопа ауылының маңында болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» көлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
14:35
Қазақстанда 46 жыл құжатсыз өмір сүрген әйел ан...
30.10.2026
13:43
«Баспалдақтан құлаған»: Күтушінің қарауында бол...
30.10.2026
12:47
«Маған қарыз болғанын қаламаймын»: Тәуекел Мүсі...
30.10.2026
12:25
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызм...
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...