Ақтөбеде жер үйде жарылыс болып, бір адам көз жұмды
Ақтөбеде Түрксіб көшесінде жарылыс болып, жер үй опырылған. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.
«Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, үйінділер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.
Оқиға салдарын жою жұмыстарына құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығы және кинологиялық топ жұмылдырылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеуде.
Үй маңы қоршауға алынып, ғимараттың толықтай қирағаны хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дүмпуі көршілес көшелерде де сезілген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады