Ақтөбелік тұрғын ішкі ағзаларын қомақты қаражатқа сатпақ болды

Ақтөбелік тұрғын ішкі ағзаларын қомақты қаражатқа сатпақ болды
15.05.2025 17:40
0
54
Фото: freepik.com

Ақтөбе қаласында өзінің ішкі ағзасын 15 млн теңгеге сатпақ болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі, өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды.

Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

«2025 жылдың 30 сәуірінде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы сомасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды. Аталған фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда», - делінген прокуратура хабарламасында. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий