«Әр дауыс маңызды»: Асель Баденова қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды
«Жаңа адамдар» қозғалысының көшбасшысы Аселб Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап, алдағы референдум ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы маңызды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Осындай уақытта азаматтардың белсенділігі мен мемлекеттік шешімдерге қатысуы ел дамуының басты факторына айналады.
Қозғалыс өкілдерінің пікірінше, жаңа Конституция мемлекеттің болашақтағы дамуына негіз болуы тиіс. Ол прогресс, технологиялық серпіліс, цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту бағыттарын қамтитын құжат ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, елдің ашықтық, мәдениетаралық келісім мен бейбітшілік қағидаттарын сақтауы маңызды екені айтылды.
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері еліміздің түрлі өңірлерінде азаматтарды қоғамдық және мемлекеттік үдерістерге белсенді қатысуға шақырып жүр. Олар әрбір қазақстандықты өз дауыс беру құқығын пайдаланып, референдумға қатысуға үндейді.
Асель Баденованың сөзінше, референдум – әрбір азаматтың елдің болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысатын маңызды мүмкіндік.
«Бізге дамыған Қазақстан қажет. Мен жаңа Конституцияға дауыс беремін және баршаңызды 15 наурыз күні өтетін референдумда осы жобаны қолдауға шақырамын. Әр адамның дауысы маңызды», – деді ол.
Последние новости