«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан туралы мәлімдеме жасады

«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан туралы мәлімдеме жасады
Фото: РБК

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өз үндеуінде Қазақстанның жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Ресей президентінің айтуынша, Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Сондай-ақ ел халықаралық істерде маңызды әрі сындарлы рөл атқарып, әлемдік аренада лайықты беделге ие болған.

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікке де тоқталды. Оның сөзінше, екі мемлекет Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және басқа да халықаралық бірлестіктер аясында өзара іс-қимыл жасап келеді.

Ресей басшысы алдағы уақытта да екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды барлық бағыт бойынша дамытуға сенім білдірді. Оның пікірінше, бұл ынтымақтастық екі халықтың игілігіне, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға қызмет етуі тиіс.

Құттықтау соңында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық пен табыс, ал Қазақстан халқына амандық, әл-ауқат және өркендеу тіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу