Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян Мұхтар Түркияға қайта аттанды
Бүгін, 2 қыркүйек күні таңертең Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде белгісіз себеппен мүгедек болған сарбаз Ербаян Мұхтар ата-анасымен бірге Стамбулға аттанды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы заңгер Инга Иманбай желідегі парақшасында жазды. Заңгер бұл сапар Ербаян үшін шешуші кезең екенін атап өтті.
“Бірінші кезеңдегі операция мен ем халықтың қолдауымен жасалса, бұл жолы мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілді: портал арқылы үш айға созылатын қымбат әрі маңызды реабилитациялық ем толық қаржыландырылды. Ал ұшуды Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері бірлесіп ұйымдастырды”, - деп жазды заңгер.
Ербаянның ата-анасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға, генерал Қайрат Үмбетовке алғыс білдірді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...
21.10.2026
09:19
Шымкентте жалдамалы пәтердегі екі бала өлімінің...
21.10.2026
08:53
Жетісуда 4,5 миллиард теңгелік жолдың жолы болмады
21.10.2026
08:44
Петропавлда белгісіз сұйықтықты ішкен екі адам ...
21.10.2026
08:23
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жасайты...
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды