Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тексеруден өтті
Қостанай облысында әйеліне күш қолданды деген күдікке ілінген аудан прокурорына қатысты қызметтік тергеу аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін кейбір Telegram арналары Қостанай облысы Федоров ауданының прокуроры әйелін ұрды деген күдікпен тексеріліп жатқанын хабарлаған.
Сол кезде облыстық прокуратура қызметтік тергеу жүріп жатқанын растаған. Бірақ оқиғаның мән-жайын жарияламаған.
«Қызметтік тергеу аясында прокурордың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Өзге ақпаратқа қолжетімділік шектелген, сондықтан ол жарияланбайды», деп мәлімдеген еді Қостанай облысының прокуратурасы.
Енді прокуратура қызметтік тергеудің қорытындысын хабарлады.
«Федоров ауданының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Оның нәтижесінде аталған дерек расталмады», деп жауап берді прокуратурадан тілшімізге.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында бұрынғы прокурор 12 миллион теңгеге қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.
Соңғы жаңалықтар