Әскерден оралғанда айыппұл арқалаған: Жамбыл облысының тұрғыны сотта әділдікке қол жеткізді

18.08.2026 18:28 Қанат Айбар
Әскерден оралғанда айыппұл арқалаған: Жамбыл облысының тұрғыны сотта әділдікке қол жеткізді
234
Фото: ЖИ

Жамбыл облысында сот әскерде мерзімді қызметін өтеп жүрген кезде тұрақты тіркеусіз қалғаны үшін айыппұл салынған бұрынғы сарбазға қатысты әкімшілік жазаның күшін жойды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Жамбыл облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.

Оқиға 2026 жылдың маусым айында Қаратау қаласындағы ХҚКО-да болған. Азаматтық міндетін өтеп оралған жігіт халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде оның тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі (пропискасы) жоқ екені белгілі болған. Мамандар бірден Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырып, оған 15 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Ел алдындағы борышын өтеп келе сала салынған бұл жазамен келіспеген бұрынғы гвардияшы Талас аудандық сотына шағымданды. Сотта ол 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың маусымына дейін Ұлттық ұлан қатарында адал қызмет еткенін түсіндірді. Ол әскери бөлімде жүргенде әкесі оны үйден тіркеуден шығарып тастаған, ал азамат бұл туралы тек әскерден босап келген соң бір-ақ білген.

Әскери қызметті өтегенін растайтын құжаттарды зерделеген сот уәкілетті органдардың бұл іске формальды түрде қарап, шынайы мән-жайларды зерттемей шешім қабылдағанын анықтады. Жіберілген процестік бұзушылықтар жағдайды әділ бағалауға кедергі келтіргендіктен, сот сарбаздың шағымын қанағаттандырып, айыппұлды толықтай жойды және істі тоқтатты. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Войдите, чтобы оставить комментарий