Әскерден қаралы хабар: Шымкентте сарбаз көз жұмды

07.01.2026 12:16 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Әскерден қаралы хабар: Шымкентте сарбаз көз жұмды
0
529
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. 

«Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды», - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Жағдай Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Ұлттық ұлан орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына  көңіл айтты.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий