Астанада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған екі ер адам ұсталды

01.07.2026 22:17 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада ауруханадан мүгедектер арбасын ұрлаған екі ер адам ұсталды
191
Видеодан кажр
Астанада ер адамдар аурухананың мүлкін алып кетіп, ұсталды

Астанада полиция қызметкерлері медициналық мекемеден мүгедектер арбасын ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің бірі аяғынан жарақат алған танысын тексерілу үшін ауруханаға алып келген. Дәрігер қабылдауынан кейін олар аурухана аумағында жүру үшін мүгедектер арбасын пайдаланған. Алайда тексеруден соң арбаны қайтармай, өздерімен бірге алып кеткен.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін полиция жедел іздестіру шараларын жүргізді. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілердің жеке басы анықталды.

Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды да ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция медициналық мекемелердің мүлкі пациенттерге көмек көрсетуге арналғанын еске салып, мұндай жабдықты заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий