Астанада бір демалыста 24 адам мас күйде көлік айдап ұсталды
Елорда полицейлері өткен демалыс күндері ішімдік ішіп рөлге отырған 24 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Тәртіп сақшылары тіркеген оқиғалардың бірі түнгі сағат бір шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде 38 жастағы ер адам басқарған Haval маркалы автокөлігін тоқтатып, медициналық сараптама қорытындысы оның мас екенін растады.
Аталған факті бойынша заңбұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Осы орайда полиция өкілдері көлік иелерін спирттік ішімдік тұтынған соң рөлге отырмауға шақырып, өздері мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеу қажеттігін қатаң ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...