Астанада ерлі-зайыптының бірігіп жасаған сұмдығы елдің жағасын ұстатты
Астана қаласының полициясы алдын-ала келісіп, ұрлық жасағандарды ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам сыбайласымен бірге дүкендердің бірінің сауда залынан 96 дана шоколад батондарын ұрлағаны анықталды.
Қылмыс нақты жоспармен жүзеге асырылған: алдымен күдіктілердің бірі дүкенге кіріп, батондарды пакетке салып, оны көзге түспейтін жерге тығып кеткен. Кейін екінші сыбайласы дайын пакетті алып, дүкеннен кедергісіз алып шыққан.
Шоколад сатылып кеткен. Келтірілген шығын шамамен 70 мың теңгені құрады.
Бейнебақылау камералары арқылы күдіктілердің жеке тұлғасы анықталды. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады