Астанада LRT жолақысы 200 теңге болады
Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлікте (LRT) жолаушылар тасымалдау тарифі 200 теңге көлемінде бекітілуі мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазіргі уақытта қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылған құжатқа сәйкес тұрғындар бір реттік сапар ақысын қолма-қол ақшамен немесе банк қосымшалары арқылы төлей алады.
«Астана қаласында жеңіл рельсті көлікпен (LRT) жолаушылар мен багажды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау үшін келесі тарифтерді белгілеу ұсынылады:
- қолма-қол және қолма-қолсыз төлем кезінде – 200 (екі жүз) теңге;
- жеңілдікті көліктік карта арқылы төлеу кезінде – 0 теңге», – делінген құжатта.
Сонымен қатар қалалық мәслихаттың бұған дейінгі шешіміне сай елордада тұрақты тіркеуде бар және арнайы жеңілдігі қарастырылған азаматтар бұл көлік түрімен толықтай тегін қатынайды. Бұл жеңілдікті пайдалану үшін жолаушылар міндетті түрде өзінің атаулы электрондық көлік картасын қолдануы қажет, ал өзге санаттағы 7 мен 15 жас аралығындағы балалар заңға сәйкес билеттің жарты құнын төлеп жүруге құқылы.
Жариялған құжат қоғамдық талқылауда 27 наурызға дейін тұрады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Астанадағы қарапайым қоғамдық автобустарда жол жүру ақысы бір сапар үшін 110 теңгені құрайды. Бұл көліктерде де 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен арнайы картасы бар оқушылар және студенттер жолақы төлеуден босатылған.
Последние новости