Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі болып шықты

14.09.2026 20:23 Томирис САҒЫНДЫҚ
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі болып шықты
229
Фото: indiatoday сайтынан алынды

Одиша штатының Денканал округінде 29 жастағы азамат із-түзсіз жоғалғаннан кейін, арада бір айға жуық уақыт өткенде үйіне аман-есен оралды. Ал оның отбасы бұған дейін танылмаған бөгде мәйітті өз ұлы деп ойлап, кремация жасап үлгерген еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы indiatoday басылымы хабарлады.

Үндістанның Одиша штатында тұратын бұл отбасы табылған дене 29 жастағы ұлынікі деп сенген. Олар мәйітті өртеп, соңғы сапарға шығарып салу мен қаралы аза тұту рәсімдерін де өткізіп қойған болатын. Ал жоғалғаннан кейін бір айдай уақыт өткенде, отбасы өліге балаған ер адам кенеттен үйіне тірі оралды.

Санатан Найктың туыстары күріш алқабынан табылған, қатты бұзылған мәйітті үстіндегі киіміне қарап таныған еді. Олар ұлымызды мәңгілік мекеніне шығардық деп сеніп, денесін өртеп, әдет-ғұрыпқа сай тазару рәсімін толық орындаған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий