Астанада мүгедек ұлды зорлағандар анықталды

Астанада мүгедек ұлды зорлағандар анықталды
Фото: freepik.com

Астана тұрғыны 2 топтағы мүгедек ұлын бірнеше адамның зорлағаны туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әйелдің айтуынша, күдікті баламен онлайн ойын арқылы танысыпты. Кейін бірнеше рет үйіне шақырып, зорлаған. Жәбірленушінің анасы баласын 6 адамның зорлағанын айтты. 

Қылмыстық іс Нұра ауданының полициясына тіркелгенімен, істі жабуға тырысқан. Қазір қылмыстық іс Астана ПД-ға тапсырылды. Бірақ сараптама нәтижелерінің болуына қарамастан 4 айдан бері ешкім қамауға алынбаған. Әйел оқиғадан кейін жүрек талмасына ұшыраған. Ал ұлына болған жағдайлардан кейін эпилепсия диагнозы қойылыпты. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу