Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды
Полицей жаттығудан кейін есінен танып, көз жұмды
Астанада полицей Қасымхан Мелдебеков спорттық жаттығудан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Egov.press Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, полицей "Алатау" спорт кешенінде жаттығу жасап болған соң өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, полицей ауыр күштік жаттығудан кейін есінен танып, жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, ер адам қайтыс болған.

"Медициналық қорытындыға сәйкес, өлім себебі – миокард инфарктісі", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...