Астанада полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді

 Астанада полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com

Полковник 47 жастағы әйелді зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл ақпаратты Астана полициясы растады.

Желіде тараған ақпаратта оқиға Астанадағы әскери қалашықта орналасқан үйде болғаны жазылған. Онда жәбірленуші мен күдікті бұрын қарым-қатынаста болғаны айтылған.

Астана полициясы 47 жастағы әйелдің арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Арызданушының танысы болған ер адам полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу