Астанада үш баланың өмірін қиған өрт: жүргізуші жауапқа тартылды
Астанада өрт шыққан үйдің ауласына кіруге кедергі келтірген көлік иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Күні кеше елордада көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан болатын. Салдарынан 3 бала көз жұмды. Ал олардың анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар жеңіл көліктің жолды жауып тұруына байланысты аулаға бірден кіре алмаған.
Полиция мәліметінше, «Hyundai» көлігінің жүргізушісі тұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Мұндай құқық бұзушылық үшін биылғы айыппұл мөлшері 21 мыңнан 64 мың теңгеге дейін жетеді. Көлік оқиға орнынан жедел түрде алынып тасталды.
« Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін құқық бұзушылықтарға қатаң түрде тосқауыл қойылады», — деп мәлімдеді департамент.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады