Астанадағы ерекше локация қауіпті болғаны үшін жабылды
Соңғы кезде Астанадағы су реттейтін бөгеттің көрінісі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халық жаппай сол жерге ағылды. Алайда ол көпшілік тамашалайтын орын емес, құрылысы аяқталамағандықтан қауіпті, жолдың жан-жағы қоршалмаған, келушілер суға құлап кетуі мүмкін. Сол үшін әкімдік бөгетке баратын жолды жапты.
Су реттейтін бөгеттің негізгі міндеті — жазғы және қысқы кезеңде қаланың орталық бөлігіндегі өзеннің су деңгейін реттеу.
Сондай-ақ, бөгет өзеннің тасқын суының есептік максималды шығынын 703 м3/с өткізуді қамтамасыз етеді.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін техникалық өткел жабық тұр.
«Нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, елордалықтарды қауіпсіздік шараларын елеусіз қалдырмауға және қорғаныс қоршауынан өтпеуге шақырамыз, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін» дейді әкімдіктен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
12:47
«Маған қарыз болғанын қаламаймын»: Тәуекел Мүсі...
30.10.2026
12:25
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызм...
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...
30.10.2026
11:28
Ерлан Қарин қырғыз әншісін орденмен марапаттады
30.10.2026
11:19
«Хайп қуды демесін»: Дархан Мұсаев тағы бір жаң...