АТАДАН ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ТҮЙІР ЕДІҢ
1753
АТАДАН ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ТҮЙІР ЕДІҢ
Әкешім! Айналайын, әкетайым,
Жан едің елпілдеген қарапайым.
Мейірленіп қарайтын нұр жүзіңді,
Сағынумен жүрмін жыл өткен сайын.
Ұлды өсіріп қондырдың ұясына,
Қызды ұзатып жібердің қиясына.
Өзің дағы аттанып кете бардың,
Ит үрмейтін ауылдың ортасына.
Атадан жалғыз ғана түйір едің,
Жастайымнан мен саған үйір едім.
Шаруаға болысып, атыңды ерттеп,
Отын тасып, шөбіңді үйіп едім.
Қара қызым, құлыным, Күлшәнім деуші ең,
Еркелесем қуанып күлімдеуші ең.
«Басқалары бір төбе, аман болсын
Осы қызға жетпейсің бірің», – деуші ең.
Өзіңнің ақ батаңды алған жанмын,
Артыңда ұрпағың боп қалған жанмын.
Иіс шығарып, бағыштап құран оқып,
Өз жолымды саралап салған жанмын!
Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...