«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал Жүнісованың сынына жауап қатты

04.10.2026 • 14:32 Қарақат АСЫЛОВА
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал Жүнісованың сынына жауап қатты
414
Фото-коллаж: Politico.kz

Танымал дизайнер Назым Қарпықова Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың әнші Садраддин Болаттың сахналық костюміне қатысты айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Sn.kz-ке сілтемемен.

Бұған дейін Садраддиннің сахнаға киген ерекше образы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған болатын. Бұл мәселеге Мақпал Жүнісова да пікір білдіріп, костюмді әзірлеген дизайнерлердің жұмысын сынға алған.

«Осы костюмді тігіп бергендер оңбайды, обал-ай», – деп жазған еді әнші.

Назым Қарпықова өнер иесінің бұл пікіріне ренжімейтінін айтып, оның көзқарасын құрметпен қабылдайтынын жеткізді. Дизайнердің сөзінше, ол Мақпал Жүнісованы бұрыннан жақсы таниды және әншіге бірнеше рет киім тігіп берген.

Сондай-ақ дизайнер даулы костюмді Мақпал Жүнісоваға көрсетіп, оның пікірін өзгертуге тырысып көруі мүмкін екенін әзілмен жеткізді.

Осылайша, дизайнер көпшілік арасында талқыға түскен сахналық образға қатысты сынға сабырмен жауап беріп, Мақпал Жүнісоваға деген құрметінің өзгермейтінін білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий