Атбасардағы жастар «Дала Қырандары» қатарына өту үшін күш сынасты

23.01.2026 12:55 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Атбасардағы жастар «Дала Қырандары» қатарына өту үшін күш сынасты
59
фото: Дала Қырандары

Ақмола облысының Атбасар қаласында «Дала Қырандары» қозғалысына мүше болуға ниет білдірген үміткерлерден арнайы дене шынықтыру нормативтері қабылданды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл сынақ жастар мен қызметкерлердің физикалық әлеуетін ғана емес, олардың төзімділігі мен қайсар мінезін айқындауға бағытталған.

Жауапты шара басталар алдында қатысушыларға арнайы нұсқаулық беріліп, жалпы қыздыру жаттығулары жасалды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында алаңда медицина қызметкерлері кезекшілік атқарды. Сынақ барысында командалық рух пен өзара қолдау анық байқалды, себеби тәжірибелі қырандар қатарға жаңа қосылған ізбасарларына бағыт-бағдар нұсқап, оларға жігер беріп отырды.

Үміткерлер ең алдымен 3000 метр қашықтыққа жүгіріп, шыдамдылықтарын байқатты. Сонымен қатар бағдарламаға үш жаттығудан тұратын Купер тесті енгізілген. Оның құрамына секіру және қолды бүгіп-жазу, сондай-ақ іш бұлшықеттеріне арналған «кітапша» жаттығуы кірді. Көрсетілген нәтижелер қатысушының жас ерекшелігі мен салмақ санатына сәйкес бағаланып, ресми хаттамаға тіркелді.

Норматив тапсыру қырандық жолдың алғашқы әрі ең жауапты сатысы саналады. Мұнда үміткердің тек білек күші емес, оның тәртібі мен жауапкершілігі және өзін-өзі дамытуға деген құлшынысы таразыланады. Талапқа сай жоғары көрсеткішке қол жеткізген азаматтар келесі кезеңге, яғни арнайы емтихан мен сұхбатқа жолдама алды.

 ‒ Біз үшін күш пен жылдамдық қана емес, адамдық қасиет те маңызды. Нағыз қыран — мінезі берік, тәртіпті және сенімге лайық тұлға, ‒ деді ұйымдастырушылар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий